Қазақ пен қырғыз премьерлері Ереванда кездесті
Қазақ пен қырғыз премьерлері Ереванда кездесті
Бүгін Ереванда Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаковтың келіссөзі жалғасты. Кеше олар жабық түрде екі жақты келіссөз өткізген, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Сағынтаев пен Исаков "екі жақты экономикалық ынтымақтастық, сонымен қатар шекарадағы, көліктегі, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау, кеден және салық қызметін басқару салаларындағы өзара әрекет меселелерін Еуразия экономикалық одағы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері және нормаларына сай" реттейтін жол картасына қол қоюды талқылаған.
Жол картасын құру туралы келісім екі ел премьерлерінің 18 қазанда Астанада өткен кездесуінде жасалған. Ол кезде жол картасын жасауға екі ел бірінші вице-премьерлерінің басшылығымен министрліктер мен ведомстволар басшыларынан жұмысшы тобы құрылған.
10 қазаннан бастап Қазақстан тарабы қырғыз шекарасынан азаматтар мен көліктерді өткізу тәртібін күшейткен. Соның салдарынан Қырғызстанның Чу және Талас облыстарындағы бақылау-өткізу бекеттерінде адамдар мен автокөліктер жиналып, ұзақ уақыт кезекте тұруға мәжбүр болған. Әсіресе тез бұзылатын тағам өнімдерін таситын үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері қатты зиян шеккен.