Жаңалықтар

Германия үкіметі таратылды

ашық дереккөзі

Германия үкіметі таратылды

Германия үкіметі отставкаға кетті. Алайда жаңа үкімет қайта құрылғанға дейін оның жұмысын қазіргі министрлер кабинеті жалғастыратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Regnum агенттігіне сілтеме жасап. ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Бельвю (Берлин) сарайында өткен салтанатты рәсімде Германия үкіметінің мүшелеріне демалысқа шыққанын растайтын куәлікті тапсырды. Осылайша, Ангела Меркель бастаған үкімет таратылды. Штайнмайер  Германияның канцлері Ангела Меркельден жаңа үкімет құрылғанға дейін кабинеттің басшысы міндетін атқаруын сұрады. «Мен жаңа үкімет құрылғанға дейін канцлер міндетін атқара беруді сұрадым», - деді мемлекет басшысы төрт жыл бойы табысты жұмыс істеген министрлер кабинетіне алғыс айта отырып. Еске сала кетсек, Бундестаг сайлауы 24 қыркүйекте өткен еді. Онда Меркель бастаған ХДО/ХСО альянсы 33%-бен көш бастаған болатын.