Жаңалықтар

Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы оған қандай жаза кесілетінін айтты

ашық дереккөзі

Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы оған қандай жаза кесілетінін айтты

Ақжарқын Тұрлыбай мен Мария Дапирканың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов екі қыздың да тағдырына байланысты болжамымен бөлісті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әрине, Ақжарқынға қазір қиын. Ересек ер адамдар да түрменің жағдайына шыдай алмайды. Азия елдеріндегі түрмелерде тәртіп қатал. Айта кету керек, Ақжарқын Қытайға алғаш рет шыққан. Бұрын оның төлқұжаты да болмаған. Есірткімен күрес Орталық Азия өңірлік ақпараттық орталығының хабарлауынша, Ақжарқын мен Мария Дапирка нигериялық наркомафияның құрбаны болған.

Ақжарқын 20 жылға немесе өмір бойына бостандығынан айырылып немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін. 2017 жылдың қазанында осы іске нүкте қойылуы ықтимал. Бірақ уақыты өзгеруі де ғажап емес. Ақжарқынды елге қайтаруға мүмкіндік, әрине бар. Бұл жерде Қазақстан-Қытай қатынасы үлкен рөл ойнайды. Ақжарқын Қытайда сотталса да, халықаралық келісім бойынша ол Қазақстанға беріледі. Алайда оның бірнеше шарты болуы мүмкін. Ол үшін бұл іс Қытай қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі шарт. Мен Ақжарқынның ісі Қытайдың қауіпсіздігіне зәредей кесірін тигізбейді деп ойлаймын", - дейді Сұңқар Нұрмағамбетов.