Украина: Саакашвилиге босқын мәртебесі берілмейді

Украина: Саакашвилиге босқын мәртебесі берілмейді

Украина: Саакашвилиге босқын мәртебесі берілмейді
ашық дереккөзі
Украинаның мемлекеттік көші-қон қызметі Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиге босқын мәртебесін беруден бас тартты. Бұл жайлы журналистерге Украинаның бас прокуроры Юрий Луценко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. «Менің жаңалығым бар. Қазір мемлекеттік көші-қон қызметі Саакашвилиге босқын мәртебесін беруден бас тартты. Енді ол апатрид (тұратын елінде азаматтығы жоқ тұлға - ред.) және оның депортациясына мүмкіндік бермейтін жағдай жоқ», - деді Луценко. Саакашвили 2015 жылдың 30 мамырында Президент Петр Порошенконың өкімімен Украина азаматтығын алған болатын. Ол Одессаның губернаторы қызметіне тағайындалды, алайда 2016 жылы қызметінен кетіп, «Жаңа күштер қозғалысы» оппозициялық партиясын құрды. 2017 жылдың шілде айында Порошенко Саакашвилиді Украина азаматтығынан айыру туралы жарлық шығарды. Қыркүйек айында оппозицияның қолдауымен Саакашвили Украина шекарасы арқылы паспорттық бақылаусыз Польшаға өтіп кете алды. Ал оның жақтастары 17 қыркүйек күні Украина Парламентінің алдында наразылық акцияларын өткізді.