Бір шақырым жол қанша тұрады?

Бір шақырым жол қанша тұрады?

Бір шақырым жол қанша тұрады?
ашық дереккөзі
ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сатжан Аблалиевтың мәлімдеуінше, Ресеймен және Қытаймен салыстырғанда Қазақстанда жол құрылысына жұмсалатын қаржы сомасы төмен.  «Ресеймен салыстырсақ, бізде жол құрылысының құны 30-35 пайызға төмен, ал Қытайға қарағанда 70 пайыз арзан болып тұр. Бұл елдің географиялық жағдайына, пайдаланылатын материалдардың бағасына, салынатын жолдың сипаттамасына қарай байланысты болады. Көп елдерде жолдар уақтылы жөнделгеннен кейін, оған жұмсалатын қаржы көп болмайды. Біздегі жолдар өткен 80-ші жылдары салынған, яғни оларды толықтай бұзып, қайтадан құрылыс жүргізіп жатырмыз», - деді Сатжан Аблалиев «ҚазАқпаратқа»  берген сұхбатында. Бүгін Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев «Жетібай-Жаңаөзен»жол  учаскесін қаржыландырудың мән-жайын түсіндіріп берген болатын. «Жетібай-Жаңаөзен» жол учаскесі жобасында 1 шақырымы  (бірінші санаттағы төрт жолақты жол) 1,2 млн доллар шамасында, яғни 400 млн теңге көлемінде. «Басқа өңірлерде елді мекендерге жақын жерлерде және жасанды құрылыстар көп жерлерде жол құрылысының құны 600 млн теңгеге дейін жетеді», - деді С. Аблалиев. Аталған қаржы 73 шақырым аралықтағы төрт және екі жолақты қозғалысы бар асфальт-бетонды жолдың құрылысына бағытталады. Сонымен қатар бір жол айрығы, екі көпір, 19 су өткізу құбыры салынады. Жоба 2017-2019 жылдары жүзеге асырылады.