Грекия журналистері тағы да ереуілге шықты
Грекия журналистері тағы да ереуілге шықты
Грекия журналистері қазан айынан бері үшінші рет наразылық білдіруде.
Бүгін басталған наразылық акциясында Грекия журналистер кәсіподағы, Афина, Салоник, Македония, Фракия күнделікті газет журналистері одағы мен электронды мерзімді басылым қызметкерлері екі тәулік бойы ешқандай хабар таратпайды.
26-қазанға дейін созылған акция арқылы грек журналистері медициналық сақтандыру мен қосымша табысты қысқартпауын, еңбек және әлеуметтік құқықтарының сақталуын талап етуде.
Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары сөз бостандығын қамтамасыз етуді сұрап отыр.
Ал радио және телевидение эфирлерінен жаңалық берілмейді. Жаңалықтар сайты да тоқтап тұратын болады.