Олимпиада алауы Грекияда жағылды

Олимпиада алауы Грекияда жағылды

Олимпиада алауы Грекияда жағылды
ашық дереккөзі
2018 жылғы Пхенчхан қысқы Олимпиада ойындары алауы Грекияда жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Олимпиада ойындары алауын жағу шарасы жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де Грекия ежелгі Олимпиада стадионында өткізілді. Салтанатты шараға Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Томас Бах, Грекия Олимпиада комитетінің төрағасы және Корея Республикасының премьер-министрі Ли Нагён қатысты. Герекияда өткен дәстүрлі шаралардан соң Олимпиадалық ойынның эстафетасы аталған аймақта 31 қазанға дейін жалғасады. Алғашқы алаугер грекиялық шаңғымен сырғанаушы Апостолос Ангелис. Олимпиада алауының Корея Республикасындағы алғашқы эстафетасы Инчхон қаласында 1 қараша күні басталатын болады. Алауды алғашқы болып даңқты футболшы Пак Чи Сон алып жүреді деп жоспарланған. Айта кетейік, 108 күнге жалғасқан эстафетадан кейін, XXIII қысқы Олимпиада ойындары алауы 2018 жылы 9 ақпан күні Пхенчхан қаласында тұтанады. Қысқы Олимпиада ойындары 25 ақпанға дейін жалғасады.