Жаңалықтар

Әлеуметтік желідегі қылмыстық жауапкершілік

ашық дереккөзі

Әлеуметтік желідегі қылмыстық жауапкершілік

Елімізде әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, жеке басқа тіл тигізген қанша адамның жауапқа тартылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті редакцияның ресми сауалхатына берген жауабында айтты. Комитет өкілдерінің мәліметінше, елімізде жыл басынан бері ҚР ҚК-нің 131-бабы ("Қорлау") бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін барлығы 89 адам сотталған (оның ішінде 131-бабының 1-бөлігі бойынша - 64, 131-бабының 2-бөлігі бойынша - 25) (заңды күшіне енген үкімдері бойынша). "857 тұлғаға қатысты көрсетілген бабы бойынша қылмыстық істер қысқартылған (заңды күшіне енген қаулы бойынша), оның ішінде: ҚР ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігі бойынша 602, ҚР ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігі бойынша 106 тұлғаға қатысты ақтайтын негіздер бойынша; ҚР ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігі бойынша 16, ҚР ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігі бойынша 3 тұлғаға қатысты рақымшылық жасалды; ҚР ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігі бойынша 109, ҚР ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігі бойынша 19 тұлғаға қатысты тараптардың татуласуымен; ҚР ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігі бойынша 19 тұлғаға қатысты басқа негіздер бойынша", - делінген ведомствоның ресми жауабында. Ал ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері өз кезегінде Интернеттегі тіл тигізу деректерін анықтау ҚР "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Қылмыстық-порцестік кодекс" және басқа да қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілетінін мәлімдеді.