Қытайда отандық балмұздаққа сұраныс артуда

Қытайда отандық балмұздаққа сұраныс артуда

Қытайда отандық балмұздаққа сұраныс артуда
ашық дереккөзі
23-қазанда Қытайда Ice Cream Industry Exhibition 2017 көрмесі өтті. Аталмыш көрмеге халықаралық деңгейдегі салқын өнім өндіруші компаниялар қатысты. Қазақстан атынан да балмұздақ өндіруші компания өз өнімдерін шығарды. Балмұздақ шығаратын «Шин-Лайн» компаниясы ұсынған өнімді 60 мың адам тамашалаған. Аспанасты елінде отандық дистрибьютор бірнеше өнімді көрсетіпті. Әсіресе, бахрома – шығыс дәмі қытай халқына ұнаған. Енді отандық өндіруші Қытай нарығына шығуды көздеп отыр. Алайда бұл бағытта бірнеше қиындық бар көрінеді. Қытайға қазақстандық сүт өнімдері мен балмұздақты кіргізу үшін ветеринарлық рұқсат алу керек, оны қазір алу мүмкін емес. Екі ел арасында арнайы келісім болғанда ғана жүзеге асады. Куәлікті рәсімдеу үшін ҚР Ауылшаруашылық министрлігі мен Ветеринарлық бақылау комитеті және Қытайдың осы ведомстволары өзара келісім жасауы тиіс. Қазіргі таңда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының қолдауымен осы мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізілуде. Ең бастысы, бұл мәселе көктемге дейін, яғни жаңа маусымның ашылуына дейін шешілуі тиіс. Елімізде қазақстандық өнімнің экспорттық потенциалын арттыру туралы жиі айтылғанымен, әзірге қандай да бір артықшылық жоқ.   Отандық өндірушінің алға қойып отырған мақсаттарының бірі – қытайлық нарыққа шығу.