Жаңалықтар

Қ.Әбдірахманов: Қырғызстаннан 100 млн доллардан бас тарту туралы құжат келген жоқ

ашық дереккөзі

Қ.Әбдірахманов: Қырғызстаннан 100 млн доллардан бас тарту туралы құжат келген жоқ

Қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселені реттейтін жол картасы қабылдануы мүмкін. Ол үшін Ереванда Еуразиялық экономикалық одақ елдері Үкімет басшыларының жиынында екі ел премьері жеке кездеспек. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Үкімет қабырғасында журналистерге осылай деді. Ол: "Қырғызстаннан 100 млн доллар көлеміндегі көмектен бас тарту туралы ресми құжат келген жоқ", - деді. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.  Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қырғыз Республикасы Жогарку кенешінің комитеті Қазақстанның қаржылай қолдауынан бас тарту бойынша құжатты кенештің жалпы отырысына енгізу үшін мақұлдады деген мәлімет тараған еді. Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі: - Осы күнге дейін қырғыз тарапынан бізге ешқандай ресми түрде мәлімет келген жоқ. Қырғыз тарапы қай түрде мәселені көтерсе де, мұқият көңіл бөліп, екіжақты тиісті келісімдерге келетінімізге кәміл сенемін.