Маңғыстаулық кәсіпкерлерге жылдық өсімі 1 пайыздық несие беріледі

Маңғыстаулық кәсіпкерлерге жылдық өсімі 1 пайыздық несие беріледі

Маңғыстаулық кәсіпкерлерге жылдық өсімі 1 пайыздық несие беріледі
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлеріне келер жылдан бастап жылдық мөлшері 1%-дық несие берілмек, деп хабарлайды 24.kz Осы мақсатқа өңірдегі мұнай-газ өндіруші мекеме 350 млн, «Даму» қоры 700 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр. Әлеуметтік жауапкершілік негізіндегі қаражат инвестициялық бизнес-жобаларды қаржыландыруға жұмсалмақ. Таяу күндері қала әкімдігі, кен игеруші компания және кәсіпкерлікті қаржылай қолдау қоры арасында үшжақты келісім жасалады. Соңғысы кәсіпкердің банктен 11%-бен алатын берешегінің 10%-ын субсидиялайды. Мақұлданған жобалар ішінде мал бордақылау кешені бар. Қала тұрғыны 30 гектар жерге жүгері, жоңышқа егіп, суармалы жайылымдарды игеруге ниетті. Нәтижесінде 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жаңбырбай Дәрменов, жеке кәсіпкер: - Біз табиғи шөпке тәуелдіміз. Суармалы жерге жем-шөп екпекпіз. Сол арқылы мал бордақылау пунктін дамытпақшымыз. Жаздың не қыста, қай мезгілде болса да тәуелсіз болып, үнемі жем-шөпті осы жерден дайындап, жылына 500 бас малды Жаңаөзен халқына ұсынбақшымыз. Берік Нұрғалиев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» аймақтық филиалының директоры:  - Бағдарламаның негізгі талаптары: ол міндетті түрде инвестициялық жаңа жоба болуы керек, жаңа өндірістер мен жаңа қызметтерді құратын. Екіншіден, несие алатын кәсіпкер міндетті түрде жаңа жұмыс орындарын құруы керек. Ақша «Өзенмұнайгаздан» «Даму» қорына тікелей аударылады. Яғни бұл жерде жергілікті бюджеттің ешқандай қаражаты жұмсалмайды. Екіншіден, «Бизнестің жол картасы» арқылы сол кәсіпкерлерге несие алу үшін кепілдеме береміз.