Жаңалықтар

Дидахмет Әшімханұлы дүниеден өтті

ашық дереккөзі

Дидахмет Әшімханұлы дүниеден өтті

Бүгін қазақ руханияты тарланбоз ұлынан көз жазып қалды. Белгілі жазушы, журналист, "Түркістан" газеті редакторының орынбасары Дидахмет Әшімханұлы дүниеден өтті. Дарынды қаламгер 65 жасқа қараған шағында Алматыда жүрегі сыр беріп, қайтыс болды.

Дидахмет Әшімханұлы 1950 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында туылған. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы "Коммунизм туы" (1975–1976), "Лениншіл жас" (1978) газеттерінде тілші болып бастаған, кейін "Қазақстан пионері" (қазіргі «Ұлан») (1978–1980), "Қазақ әдебиеті" (1980–1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1992–1994 жылдары халықаралық «Заман — Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және газет редакторының орынбасары болған.

1986 жылы Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Журналистер одақтарының мүшесі болды.

1994 жылыдан бері "Түркістан" халықаралық газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарып келді.

"Ел-шежіре" қоғамдық қорының президенті (2003 жылы) , "Алаш" баспасының директоры.

"Түркістан" газетінің ұжымы марқұмның отбасына, дос-жарандарына, оқырмандарына қайғырып көңіл айтады.