Жаңалықтар

Министр биыл қанша мектеп пен балабақша салынғанын мәлімдеді

Министр биыл қанша мектеп пен балабақша салынғанын мәлімдеді

Биыл "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 53 мектеп пайдалануға берілді. Жылдың соңына дейін 23 мектеп тапсырылады, Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. мәлімдеді. Министрдің мәліметі бойынша 36 мектептің құрылысы келесі жылы аяқталады. 2018 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасында осы мақсатқа 31 миллиард теңге қарастырылған.

"Тоғыз айдың ішінде 56,4 миллиард теңге аударылды. Оның 54 миллиарды игерілді.  Алты өңірде үш миллиард теңге игерілмеді", — деді ол.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпартқа сәйкес, 2016 жылы Ұлттық қордан 19 балабақшаның құрылысына 6 миллиард теңге бөлінген. 17 балабақша пайдалануға берілді. Биыл Риддер мен Жаңаөзендегі 2 балабақша тапсырылған.