Германиялық археологтар 10 млн жыл бұрын өмір сүрген адамның тісін тапты

Германиялық археологтар 10 млн жыл бұрын өмір сүрген адамның тісін тапты

Германиялық археологтар 10 млн жыл бұрын өмір сүрген адамның тісін тапты
ашық дереккөзі
Археолог мамандар Германиядағы Рейн өзенінің маңынан ежелгі адамның тісін тапты. Ғалымдардың айтуынша, бұл тістер осыдан 10 миллион жыл бұрын өмір сүрген адамдарға тиесілі. Бұл жаңалық адамдар эволюциясына деген көзқарасты түбегейлі өзгертуі мүмкін, деп жазады morseg.livejournal.com. 
Алдын ала мәліметтерге сенсек, тістер афарлық австралопитекке тиесілі. Қазіргі таңға дейін әлгі адамның денесінің өзге бөліктері табылмаған. Десе де, іздеу жұмыстары тек Еуропа көлемінде жүргізілген екен. Археолог Гербер Лутц бұл тістердің өткен жылы табылғанын айтады. Оның жасын анықтай алмағандықтан, халықты шулатпауды жөн көрген екен. Осы уақытқа дейін ең ежелгі адамның 5 миллион жыл бұрын пайда болғаны белгілі еді. Ол австралопитек Люси болатын. Оның сүйектері Эфиопия маңынан табылған. Бірақ, жаңа мәліметтер адамдардың бұдан ертерек пайда болғанына дәлел болып отыр. Әлі күнге дейін тіс зерттеліп жатқандықтан, толық ақпарат алдағы уақытта белгілі болады. Десе де, ғалымдар әбден қателесулері де мүмкін.