«Абай оқуларының» тағылымы

«Абай оқуларының» тағылымы

«Абай оқуларының» тағылымы
ашық дереккөзі
Таяуда Алматы қалалық бірінші «Абай оқулары» фестивалі өтті. Фестивальді Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана мен «Көмектес» көз мүгедектері қоғамдық қайырымдылық қоры бірлесе отырып ұйымдастырды. «Абай оқулары» фестивалінің мақсаты – кітапхана оқырмандары арасында Абай Құнанбаев шығармаларын насихаттау арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Фестивальге Алматы қаласы мен облысындағы зағиптардың ұйымдары мен республикалық кітапхананың мүмкіндігі шектеулі оқырмандары қатысты. Байқау ережесі бойынша, қатысушылардың жасына және ұлтына еш шектеу қойылмаған. Алғаш рет ұйымдастырылған байқауға қатысушылар 5 номинация бойынша бақ сынады. Сынға түскендер ұлы ақын шығармаларын және Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінділер оқылып, әлем халықтары тіліне аударылған Абай шығармалары жиналғандардың жүрегін тербеді. Ал қатысушылардың тағы бір тобы Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған өздерінің авторлық шығармаларын тебірене оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Фестиваль жеңімпаздары Алғысхаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болып, түрлі ұйымдардың арнаулы жүлделерімен марапатталды.