Вице-премьер Б.Сапарбаев мәдениет саласын сынға алды

Вице-премьер Б.Сапарбаев мәдениет саласын сынға алды

Вице-премьер Б.Сапарбаев мәдениет саласын сынға алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық фильмдер бәсекеге қабілетсіз. Соңғы он жылда отандық жаңа опера қойылмаған. Ауылдық жердегі кітапханалардың бәрі ойдағыдай қызмет атқармайды. Бұл туралыПремьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында атап айтты. 2014 жылы отандық фильм шығаруға 4 млрд.-тан астам қаржы бөлінген, алайда қазақ фильмдері бәскекеге қабылетсіз. Сондай-ақ, анимациялық фильмдерді шығаруда да толып жатқан проблемалар бар екенін вице-министр атап көрсетті.  Сондай-ақ, ол Қазақстанда 4131 кітапхана бар екенін, олардың тек 24 пайызының ғана компютермен жабдықталғанын жеткізді. Жиында театр өнернің қордаланған проблемаларыда айтылды. Мысалы, жыл сайын республикалық бюджеттен фильм түсіруге және театр сахнасына арнап жаңа шығармалар жазуға арнап "Тәуелсіздік толғауы" конкурсы аясында 45-50 млн теңге қаражат бөлінеді екен. Алайда,"конкурс қазылары үздік деп тапқан туындыларды конкурстан жеңіп шыққан шығармаларды сахналардан көрмейміз, не естімейміз. Еркеғали Рахмадиевтің жазылған «Абылай хан» операсына 11 жыл болған. Ал, Базарбай Жұманиязовтың «Махамбет» операсы 1987 жылы қойылған. Содан бері өнер ошақтарының репертуарларында отандық жаңа опера қойылған емес", - дейді Бердібек Сапарбаев. Сондай-ақ, Қазақстанның мәдениетін шет елдерде насихаттауды демеушілердің есебінен іске асыру қажет екенін ескертіп. Мысал ретінде меценат Медғат Құлжановтың өз қаражатымен  ағылшын композиторымен «Шәкәрім» симфониясы жазылып, тұсаукесерін Лондонда жасағаннын министрлік өкілдеріне айтып берді.
Ерке Жұматай