Жаңалықтар

Құлсары көшеcінде тыр жалаңаш серуендеген адамның кім екені анықталды

ашық дереккөзі

Құлсары көшеcінде тыр жалаңаш серуендеген адамның кім екені анықталды

Атырау облысының Құлсары қаласында тыр жалаңаш серуендеп жүрген азамат Теңіздің 30 жастағы сантехнигі болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сенбі күні қала ішінде тыр-жалаңаш серуендеп жүрген ер адамның видеосы интернетті шарлап кеткен болатын. Ашуланған жұрт оны лезде тауып, жазаға тарту керектігін айтып жатты. «Ол Батыс Қазақстанның тұрғыны, жасы 30-да. Теңіздегі компаниялардың бірінде сантехник болып жұмыс істейді. Қаланың ортасында жалаңаш жүргенде ол мас болған. ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» кодексінің 440-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Тергеу амалдары аяқталған соң іс сотқа жіберіледі. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған айыппұл немесе қамау жазасы белгіленуі мүмкін», - деп мәлімдеді Атырау ІІД баспасөз қызметіндегілер.