ЕҰУ Қазақстан бойынша тағы да көш бастады!

ЕҰУ Қазақстан бойынша тағы да көш бастады!

ЕҰУ Қазақстан бойынша тағы да көш бастады!
ашық дереккөзі
Кибернетика зертханасы (Cybermetics) Испания ұлттық зерттеу кеңесiнiң ақпарат және құжаттама орталығының ресми веб-ресурсында Webometrics білім беру сайттарының рейтингісінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан бойынша алғашқы орынды иеленіп, әлемдегі 30 000-нан астам ЖОО арасынан 1 895 орын, ал Қазақстан ЖОО арасынан 1-орын алғандығы белгілі болды. Webometrics рейтингісі университет жариялайтын веб-беттердiң көлемімен, көрнекiлiк және әсерімен (тиiмдiлiк) өлшенедi, университеттегі ғаламтор желісіндегі ғылыми жарияланымдар, әр ЖОО ғалымдарының зерттеу еңбектері, оларға жасалған сілтеме ескеріліп, басты нысанаға ЖОО-ның ғылыми-зерттеу әлеуеті алынады. Отандық және шетелдік ЖОО-лармен, ғылым-білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық етудің арқасында Еуразия ұлттық университеті қазақстандық ЖОО-лар арасында жасалынатын сілтемелердің веб-домендер саны бойынша көш бастады. Республикамыз бойынша екінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ( әлем бойынша 2 447 орын), үшінші орынды Қ.И. Сәтбаев  атындағы Қазақ  ұлтттық техникалық зерттеу университеті (4500 орын), төртінші орынды C.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университеті (5 214 орын) иеленсе, ал бесінші орында Назарбаев Университеті (5 277 орын) тұрақтады.  

Жадыра  Жақсытай