Ғарышты ластаушы елдердің тізімі жарияланды
Ғарышты ластаушы елдердің тізімі жарияланды
Ғарышты ластап жатқан елдердің көшін АҚШ бастап тұр, оның ізін ала Ресей мен Қытай келеді, деп хабарлайды Business Insider.
Басылымның мәліметтеріне қарағанда, Жер орбитасында 14 мыңнан астам зымыран сынықтары және басқа да ірі ғарыш қоқыстары айналып жүр. Соның 3999-ы АҚШ-қа тиесілі болса, Ресей ғарыш кемелерінен 3961 ірі қоқыс шыққан, 3475 бөлшек Қытай ұшырған зымырандардың қалдығы.
Сарапшылар Жер айналасындағы ғарыштың ластануы «Кесслер синдромына» әкеп соқтыруы мүмкін. Ғалым кесслер ғарыштың ластануынан болашақта Жер орбитасына спутник немесе басқа да ғарыш аппараттарын шығаратын кеңістік қалмайды деп болжаған болатын.