Үш қызды таспен ұрған "батыр" қолға түсті
Үш қызды таспен ұрған "батыр" қолға түсті
Алматыда үш қызды таспен ұрып, сөмкесін тартып алып кеткен күдікті азамат қолға түсті.
19 мамыр күні Алматы қаласындағы Орталық стадион маңында белгісіз біреулер үш қызды таспен ұрып, сөмкелерін тартып әкеткен болатын. Осы істі тергеген Бостандық аудандық Ішкі істер басқармасы болатын. Басқарманың бөлім басшысы іске қатысы бар азаматтың 1979 жылы дүниеге келген Алматы тұрғыны екендігін мәлімдеді. Күдікті азамат бұған дейін де ұрлық үшін сотталған екен. Дәрігерлердің қарауында ем алып жатқан жәбір көрген қыздар күдіктінің сол азамат екенін растап отыр. Қазір оның жанындағы серіктері іздестірілуде.