Путин Қариннің сұрағына қалай жауап берді?
Путин Қариннің сұрағына қалай жауап берді?
Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанды Сириядағы жанжалды реттеудегі беделді делдал деп атады. Путин Қазақстан басшысы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздердің басында Сириядағы қарама-қарсы екі жақты ұстай алғанын айтып берді, деп жазады sputniknews.kz.
Белгілі қазақстандық саясаттанушы Ерлан Қарин Сочидегі "Валдай" пікір-талас клубының отырысында Путинге сұрақ қойды. Қарин Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздерге Ресейдің көзқарасы қандай екеніне қызығушылық танытты.
"Кей сәтте президент Назарбаев келіссөздердің басында жанжалдасқан екі жақты ұстап отыруға өзіндік жауапкершілік алғанын атап өткім келеді", — деп мәлімдеді Путин Қариннің сұрағына жауап берген кезде.
Оның пікірінше, сириялық жанжалға қатысты Қазақстанның бейтараптылығын ескерер болсақ. Астана келіссөздер жүргізуге ең ыңғайлы алаң.
"Қазақстан Сириядағы жанжал реттеудегі беделді делдал ретінде рөл атқарады", — деп атап өтті Путин.
Ол дәл осы астаналық алаңда сирияаралық жағдайды реттеу барысында елеулі жетістіктерге қол жеткізілгенін де ерекше атап өтті.