Батырханның жеке куәлігін жоймағандар жазаланады

Батырханның жеке куәлігін жоймағандар жазаланады

Батырханның жеке куәлігін жоймағандар жазаланады
ашық дереккөзі
Марқұм болған әнші Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігін жоймаған адамдар салғырттыққа қатысты жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Садубаев мәлімдеді.  БАҚ ақпараты бойынша интернетте Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігін мың долларға сату туралы хабарландыру жарияланған. "Заңнамаға сәйкес жеке тұлғаны куәландыратын жарамсыз деп танылған құжаттар, жаңасына ауыстырылған кезде міндетті түрде жойылуы керек. Б.К. Шүкеновтің құжаттарын жою туралы мәлімет базаға тіркелмеген", — деп мәлімдеді Садубаев.
Оның айтуынша, Шүкеновтің құжаттарын ауыстыру кезінде тұрғындарды тіркеу және құжаттандыру ісін Әділет министрлігінің құзырында болған.
Қылмыстық іс Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке берілді.