Туск: ЕО-ның Каталониядағы жағдайды реттеуге мүмкіндігі жоқ

Туск: ЕО-ның Каталониядағы жағдайды реттеуге мүмкіндігі жоқ

Туск: ЕО-ның Каталониядағы жағдайды реттеуге мүмкіндігі жоқ
ашық дереккөзі
Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск Еуропа Одағы (ЕО) Испанияның Каталония автономиялық аймағындағы жағдайды реттеуге араласа алмайтынын мәлімдеді. Брюссельде өткен ЕО саммитінде Туск ЕО-ның тіпті Мадрид пен Барселона арасында арағайын да болу мүмкіндігі де жоғын айтты. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
19 қазанда Испания үкіметі ел конституциясының 115-бабына сүйеніп, Каталонияның автономия мәртебесін тоқтатуға және аймақты тікелей басқару жүйесін орнатуға дайын екенін білдірген. 19 қазанда Мадридтің Каталония билігіне тәуелсіздік мәселесі бойынша шешім қабылдауға берген мұрсаты аяқталған. 1 қазанда өткен референдумда Каталония сайлаушылары Испаниядан бөлінуді қолдап дауыс берген соң Пучдемон аймақ Испаниядан бөліну құқығына ие болғанын мәлімдеп, тәуелсіздік декларациясын қабылдаған. Бірақ ол декларацияны жарияламай, әуелі Мадридпен келіссөз өткізуге шақырған. Референдумға Каталония сайлаушыларының 43 пайызға жуығы қатысты. Аймақ билігі дауыс бергендердің 90 пайызы тәуелсіздікті қолдағанын айтып, нәтижесін заңды деп жариялады. Мадридтегі орталық билік референдумды заңсыз деп тапты.