Қазақтың "Әліппесі" Париж кітапханасына қойылды

Қазақтың "Әліппесі" Париж кітапханасына қойылды

Қазақтың "Әліппесі" Париж кітапханасына қойылды
ашық дереккөзі
Париждегі Шығыс тілдері және өркениет институтының кітапханасында «қазақ әдебиеті мен мәдениеті» орталығы ашылды, деп хабарлайды 24.kz. Бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты мақаласының тұсаукесері аясында ұйымдастырылған. Осылайша Қазақстанның ұлттық академиялық кітапханасы 200-ге жуық отандық автордың кітабын француз халқына тапсырды. Берері мол басқосуға қазақстандық зиялы қауым өкілдері мен дипломаттар қатысты. Париждік кітапхана директоры Мария Лиз Тсагурия сыйға берілген туындылардың қазақтың төл мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін танып білуге мол септігін тигізетінін атап өтті. Жиын соңында екі елдің кітапханалары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Үмітхан Мұналбаева, Ұлттық академиялық кітапханасының директоры: - Француздар латын қарпінде жазылған кітаптарымызға аса қызығушылық танытып жатыр. Біз оған өте қуаныштымыз! «Рухани жаңғыру» бағдарламасының көмегімен қазақ тілінен латын қарпіне көшіп жатырмыз. Менің ойымша, Еуропаға француздарды біздің мәдениетімізге жақындата түсетін кітаптарды әкелдік. Қазақ классиктерінің туындыларын сыйға тарттық. Олар өз кезегінде Мұстафа Шоқайдың қолжазбалары мен кітаптарын көрсетті. Ол – біздің ғалымдар мен кітапханашылар үшін үлкен жетістік. Қазақстанда латын қарпін қолдану кезінде 2 017 кітап шығарылған еді. Олар басы бүтін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханасында сақтаулы тұр. «Рухани жаңғыру» мақаласының тұсаукесері аясында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде заманауи қазақ авторларының туындыларымен қоса өткен ғасырдағы латын қарпіндегі баспалар таныстырылды. Оның ішінде қазақтың «Әліппесі» де бар.