Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке ірі көлемде ақша аударды

Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке ірі көлемде ақша аударды

Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке ірі көлемде ақша аударды
ашық дереккөзі
Қазақстанның халық əртісі, белгілі əнші Роза Рымбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда бастау алған «Менің мектебім» жобасына өзіндік үнін қосты. Атақты әнші өзі оқыған мектебіне 1 миллион теңге аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске сала кетейік, бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының барлық кәсіпкерлері бас қосқан «Туған жер» атты ауқымды форум болып өткен болатын. Аймақ басшысы Даниал Ахметов шара барысында Шығыс Қазақстанның кәсіпкерлері өңірдің дамуына зор үлестерін қосып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» атты жобаға белсене атсалысқанын тілге тиек етті. Даниал Ахметовтың айтуынша, осы жоба арқылы аймақтағы барлық мектепті заманның озық биология, химия, физика және робототехника кабинеттерімен жабдықтау көзделген. «Өңірдегі барлық білім ордалары Назарбаев Зияткерлік мектебінен кем болмауы керек», - дейді аймақ басшысы. Кәсіпкерлер аймақ басшысының бастамасына қолдау білдіріп отыр. Олармен бірге игі жобаға әнші Роза Рымбаева да үн қосып, өзі түлеп ұшқан Жарма ауданынағы білім ордасына 1 миллион теңге аударды. Кəсіпкерлер мен танымал тұлғалар тарапынан жиналған қаражат «Парыз» атты облыстық қорға аударылып, сол қордан өңірдегі мектептерге бағытталмақ. Айта кетерлігі бүгінгі күнге дейін «Менің мектебім» жобасына 2 млрд 300 млн теңге жиналған.