Жанат Жақиянов пен Райан Барнеттің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Жанат Жақиянов пен Райан Барнеттің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Жанат Жақиянов пен Райан Барнеттің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі
ашық дереккөзі
Жанат Жақиянов пен Райан Барнеттің жекпе-жегін «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 2017 жылдың 21 қазаннан 22-ші қазанға қараған түні қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді.  Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтетін ең басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы  WBA Super және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27 жеңіс, 18 нокаут, 1 жеңіліс) пен IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы солтүстік ирландиялық Райан Барнетт (17 жеңіс, 9 нокаут, жеңіліс жоқ) жұдырықтасады. Әлемдік бокс рейтингі бойынша Жақиянов 12-ші орында, ал Барнетт–5-ші болып тұр. Жанат Жақиянов WBA Super және IBO  белбеулерін 2017 жылдың ақпанында ие болса, Барнетт маусым айында IBF чемпиондық белбеуін алған болатын. Сондай-ақ, боксшылар өздерінің чемпиондық белбеулерін жеңіске тігіп отыр. Ал жеңіске жеткен боксшы WBA Super және IBF чемпиондық белбеулеріне ие болады. Бокс кешін «QAZSPORT» телеарнасынан 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні сағат 00:30-даөткізіп алмаңыздар!