Ақтөбеде қанша бензин қоры қалғаны белгілі болды

Ақтөбеде қанша бензин қоры қалғаны белгілі болды

Ақтөбеде қанша бензин қоры қалғаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Ақтөбедегі жанармай қоры әлі бір айға жетіп қалуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz. Облыс бойынша 16 жанар-жағармай бекеті бар ірі компания бензинді шектеусіз сатып жатыр. Өзге өңірлермен салыстырғанда, бағасы да біршама арзан. АИ-92 бензині 158 теңгеден, дизель отыны 152 теңгеден сатылып жатыр. Компания басшыларының айтуынша, алдағы уақытта бағаны өсіру жоспарда жоқ. Олар тамыз айынан бастап көтерме сауданы азайтып, қор жинауды бастаған. Сол кезде Атырау мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылған еді. Жалпы, оператор жанармайды Шымкент, Атырау және Ресей зауытынан алады. Жиналған қордың 15%-ы – Ресей өнімі. Жөндеуден өткен Атырау зауытынан да алғашқы өнім келе бастады. Айта кетейік, Ақтөбеде соңғы жылдары көліктердің көбі газға көшті. Облыс бойынша 40 мыңға жуық темір тұлпар сұйытылған газбен жүреді. Өңірге ай сайын 7 мың 700 тонна газ жеткізіледі. Рашид Дәуіров, жанармай бекеттері желісінің директоры: - Бізде АИ-92 бензинінің қоры бар. Отандық зауыттарға қазан айына тапсырыс беріп қойғанбыз. Жанар-жағармай тасымалдайтын көліктеріміз жолда келе жатыр. Өзіміздің қорымызбен қосқанда әлі 20-25 күнге жететін жанармай бар. Одан бөлек қараша айына да алдын ала тапсырыс беріп қойдық.