Forbes: Билл Гейтс тағы да ең бай америкалықтардың көшін бастады

Forbes: Билл Гейтс тағы да ең бай америкалықтардың көшін бастады

Forbes: Билл Гейтс тағы да ең бай америкалықтардың көшін бастады
ашық дереккөзі
Forbes журналы ең бай америкалықтардың тізімін ұсынды. Рейтингте Билл Гейтс көш бастап, 24-ші рет АҚШ-тың ең бай адамы атанды. Microsoft басшысының дәулеті 89 миллиард долларға жеткен. Amazon басшысы Джефф Безос с 81,5 миллиард доллар қаржысымен екінші орынға жайғасса, үшінші орында Уоррен Баффет келеді - Forbes-тың бағалауынша оның дәулеті 78 миллиард доллар. Бір жылдың ішінде кәсіпкерлер тізіміне кірген 289 адам өз капиталын ұлғайтса, ал 51 миллиардердың қаржысы азайған. Олардың арасында АҚШ-тың қазіргі президенті де бар. Трамп мемлекет басшысы ретінде қызмет еткен бір жылдың ішінде 600 миллион доллар жоғалтып, рейтингте 248 орынды иеленді. Оның дәулеті 3,1 миллиард доллар деп бағаланды. Жалпы алғанда, АҚШ-тағы ең бай адамдары бір жыл ішінде дәулетін арттырған. Олардың жалпы жағдайы 2,7 трлн долларды құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш жүз миллиардқа артық, деп жазады Forbes.