Жаңалықтар

Қашағанда мұнай өндіру көлемі 3 жыл ішінде 3 есе артады

ашық дереккөзі

Қашағанда мұнай өндіру көлемі 3 жыл ішінде 3 есе артады

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев алдағы жылдары мұнай өндіруден мемлекеттік қазынаға түсетін кірістер туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Егер де түсімдер болжамы мен Ұлттық қордың қалыптасуы мәселесіне тоқталсақ, осы орайда оның қандай бөліктерден құралатынын түсіну керек. Бұл тұрғыда мұнай өндіру міндетті түрде ескеріледі. Мұнай бағасы жөніндегі есептеулерге сүйенсек, 2017 жылға бізде салықтық түсімдердің болжамы барреліне 50 доллар құнымен қалыптасты. 2018-2020 жылдарға арналған үш жылдық бюджетте салықтар түсімі болжамын 45 доллар деңгейінде есептедік. Яғни, бұл тұрғыда 5 доллар сомасында айырмашылық болғандықтан, тиісті көлемде ұтыламыз», - деп түсіндірді Сағынтаев Мәжілістің жалпы отырысында. Бұдан бөлек ол мұнай өндіру көлемін арттыру тақырыбына тоқталды. « Биыл мұнай өндіру болжамында 84,5 млн тоннаны жоспарлаған едік, алайда жыл соңында біршама артуы мүмкін. 2020 жылға қарай бізде индикативті болжам 87 млн тоннадан астам. Бірінші кезекте өндіру көлемі Қашағанның арқасында артады. Қашағанда өндіру деңгейі өсіп келеді, яғни бүгінгі 6 миллионнан 2020 жылы 13 миллионға дейін жетеді», - деді Үкімет басшысы.