Қырғызстан Қазақстанның үстінен ДСҰ-ға шағымданды

Қырғызстан Қазақстанның үстінен ДСҰ-ға шағымданды

Қырғызстан Қазақстанның үстінен ДСҰ-ға шағымданды
ашық дереккөзі
Қазақ-қырғыз шекарасында орнаған жағдайға байланысты қырғыз үкіметі Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) шағымданды. Бұл туралы  республика үкіметінің ақпаратпен қамтамасыз ету бөліміне сілтеме жасап sputniknews.kz хабарлады.  Бұл ретте, шағым түсіруге итермелеген жағдай "Қазақстан тарапынан Бас келісімнің тарифтер мен саудаға қатысты негізгі нормаларының және Дүниежүзілік сауда ұйымы мекемесінің келісімінің бұзылуы" болып отыр.
"Қазақстан Республикасы 2017 жылы 10 қазан күні Қазақстан Республикасы Қырғызстан-Қазақстан және Ресей-Қазақстан шекарасында қосымша бақылау шараларын енгізді. Бұл ретте Қырғызстан шекарасынан өтетін адамдар мен көлік құралдарының саны, қосымша бақылау шараларын енгізген соң 2,4 есеге қысқарды", — делінген хабарламада.
Қырғызстан үкіметі Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында өзінің құқығын қорғауға дайын екенін мәлімдеді.
Бұған дейін мәлім болғандай, Қырғызстанның экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық кеңеске, Қазақстан ЕЭСҚ біртұтас сауда нарығының негізгі принциптерін бұза отырып, тауардың еркін айналымына тыйым салуда деп шағымданған болатын. Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өз кезегінде бұл мәлімдемемен келіспей, Қазақстан ЕАЭҚ заңнамасының аясында әрекет етіп отырғанын алға тартқан болатын.
Қырғызстан мемлекеті өзінің өтінішінде, Қазақстан тарапынан енгізілген қосымша бақылау ЕАЭҚ туралы келісімнің негізгі принциптері мен мақсаттарына қайшы келіп, интеграция мақсаттарына қол жеткізуге қауіп төндіріп отыр деп атап өтілді.