Жаңалықтар

Селфилер шеруі: Автобусқа отырған шенеуніктер "есеп" бере бастады

ашық дереккөзі

Селфилер шеруі: Автобусқа отырған шенеуніктер "есеп" бере бастады

Қызметтік көліктерін тастап, автобусқа отырған шымкенттік шенеуніктердің қоғамдық көліктегі алғашқы селфилері жария болды. Бір ай бойы жұмысқа қала халқымен бірге автобуспен келуге міндеттелген шенділер түскен суреттері арқылы тапсырманың қалай орындағаны жайлы есеп беруде.  Әкімнің мұндай қадамға баруына тұрғындар тарапынан түскен шағымның көптігі себеп болған. Қоғамдық көлікке мінген шенеуніктер тек автобуспен жүріп қана қоймай жол бойындағы тәртіп бұзушылықтарды жазып, есеп беруі тиіс.