Жыл соңына дейін 107 нысан саудаға шығарылады

Жыл соңына дейін 107 нысан саудаға шығарылады

Жыл соңына дейін 107 нысан саудаға шығарылады
ашық дереккөзі
Жекешелендіру аясында жыл соңына дейін 107 нысан сауда-саттыққа шығарылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына 877 нысан енгізілген. Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 441 нысан сауда-саттыққа шығарылып, оның ішінде 291 нысан сатылды. Сату бағасы 112,7 млрд. теңгені құрады. Бұдан басқа, 211 нысан бойынша қайта құру және  тарату туралы шешім қабылданды. Осылайша, Жекешелендірудің кешенді жоспарының ағымдағы күнге орындалуы 74,3 пайызды құрайды», - деді министр. Оның дерегінше, 2017 жылы 473 нысанды сату жоспарланған. Бүгінгі таңда 251 нысан саудаға шығарылып, оның 112-сі сатылды. Сату бағасы 55,6 млрд. теңгені құрады. 115 нысан қайта құру мен таратылу сатысында. Осылайша, жылдың соңына дейін 107 нысанды  сауда-саттыққа шығару қажет. «Нысандардың сатылу нәтижелеріне жүргізілген талдауға сәйкес сатылған нысандардың жалпы сату бағасы олардың баланстық құнынан 17,4 пайызға артық. Сату тәсілдерінің ішінде аукцион мен тендер арқылы сату жетекші орын алып отыр. Ол 73 пайызды құрайды», - деді Бақыт Сұлтанов.