Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ

Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ

Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ
ашық дереккөзі
Қазақстанның барлық өңірінде көмір тапшылығы жоқ. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2017 жылдың 9 айында 75,3 млн тонна көмір өндірілді. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға артық. Ішкі нарыққа 54,7 млн тонна көмір жеткізілді. Оның 41,1 млн тоннасы энергия өндіруші кәісіпорындарға жөнелтілді. Экспорт 21,1 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6 пайызға көп. Дәл осы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 1 миллионнан астам көмір жеткізілді. Бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңдегі деңгейден 26,8 пайызға көп», - деді министр. Оның айтуынша, жыл сайын жылу беру маусымы кезінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттік пен халыққа сыртқы ауа температурасына байланысты шамамен 10-112 млн тона көмір жеткізіледі. Бұл санатқа арналған көмірдің бағасы кен орнына байланысты 2,5 мың теңгені құрайды. Қзіргі уақытта еліміздегі көмір өндіретін кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп, көмір өндіру көлемін арттыра түсуде. «Бүгінгі күні елде көмір тапшылығы жоқ. Қыркүйектің ортасында күннің күрт сууына байланысты орталық және солтүстік облыстарда көмірген сұраныс арта түсті», - деді ол.  Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта Ақмола облысының сауда нүктелерінде 40-тан 700 тоннаға дейін, Алматы облысында шамамен 300 тонна, Жамбыл облысында 490, Солтүстік Қазақстан облысында 600, Оңтүстік Қазақстан облысында 20 мың, Астанада шамамен 1 мың тонна көмір бар.