Жол апаты азайып келеді
17 қазан, 2017 / Ақниет ОСПАНБАЙ
Жол апаты азайып келеді Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 10 587, яғни 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ке аз жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті. Қазақстанда есепті кезеңде жол апатынан 15 140 адам зардап шеккен. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіндегі есепке сәйкес, Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары жалпы сомасы 15,7 млрд теңге болатын 46 485 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.