Жол апаты азайып келеді

Жол апаты азайып келеді

Жол апаты азайып келеді
ашық дереккөзі

Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 10 587, яғни 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ке аз жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.  Қазақстанда есепті кезеңде жол апатынан 15 140 адам зардап шеккен. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіндегі есепке сәйкес, Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары жалпы сомасы 15,7 млрд теңге болатын 46 485 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.