Мессидің үшінші перзенті дүниеге келді

Мессидің үшінші перзенті дүниеге келді

Мессидің үшінші перзенті дүниеге келді
ашық дереккөзі
«Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің үшінші сәбиі дүниеге келді. Бұл туралы футболшының жұбайы Антонелла Рокуццо айтты. Месси мен Ракуццоның тойы 30 маусым күні Аргентинаның Росарио қаласында өткен еді. Ал бұған дейін Рокуццоның жүкті екенін испаниялық БАҚ хабарлады. «Бес адамнан тұратын отбасы», – деп пікір жазды Instagram парақшасында. Айта кетейік, 30 жастағы Месси мен 29 жастағы Рокуццо қазір Тьяго есімді ұлы мен қызы Матеоны тәрбиелеп жатыр. Месси – бес рет әлемнің үздік футболшысы атанған жалғыз футболшы.