Жаңалықтар

Перзентхана қызметкерлері 5 сәбиді сатып жіберген

ашық дереккөзі

Перзентхана қызметкерлері 5 сәбиді сатып жіберген

Жаңа туған сәбилерді саудалаған Алматы облысы клиникалық емханасының перзентханасындағы қызметкерлердің ісі ақ халаттыларға деген сенімге селкеу түсірді. Нәрестелерді бизнес көзіне айналдырған үш әйелдің қандай жазаға лайық екенін сот шешеді. Алматы қаласының Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен қалалық прокуратура бірігіп, 2014 жылдың күзінде тергеу жүргізген. Нәтижесінде, өткен жылы перзентхана қызметкерлерінің кем дегенде 5 сәбиді сатып үлгергенін анықталды. Қылмыскер әйелдердің бірі босанған аналарды баласын ақшаға сатуға көндірумен болса, екіншісі сатып алушыларды іздестірген. Ал үшінші әйел құжаттар жағын реттеп отырған. Осылайша үш әйел қылмыстарының ым-жымын білдірмей, сәбилердің тегін өзгертіп, перзентханадан шығарып отырған. Прокуратура өкілдерінің болжамы бойынша, медицина қызметкерлерінің қолында балалары жоқ жұптардың тізімі болған көрінеді. Саудаға түскен 4 сәби Алматы қаласы, Алматы облысы және Павлодар облысындағы жанұялардан табылды. Үш нәресте де 3 мың АҚШ долларына сатылған екен. Ал 5 сәбиді 5 мың долларға сатып алған Жамбыл облысының тұрғыны полицияға хабар беріп, нәрестелерді полицияға әкеліп тапсырған. Тергеу амалдары барысында сәбилердің биологиялық аналары анықталды. Олардың барлығы да әлеуметтік аз қамтылған топтан екен. Сот аяқталғанша балалар өз жанұяларында тәрбиеленеді. Нәрестелердің келешекте кімде қалатыны сот үкімімен шешіледі.