Жаңалықтар

"Алтын допты" жеңіп алған футболшы Либерия президенті болып сайланды

ашық дереккөзі

"Алтын допты" жеңіп алған футболшы Либерия президенті болып сайланды

1995 жылы Еуропаның үздік футболшысы атанып, «Алтын допты» жеңіп алған Джордж Веа Либерия президенті атанды. Бұл туралы «Р-Спорт» порталы National Accord басылымына сілтеме жасап хабарлады. Либерияда президент сайлауы сейсенбі күні өтті. Халықаралық бақылаушылардың айтуынша, кейбір аймақтарда дауыс беру шамалы кеш басталғанымен, жалпы сайлау жақсы өткен. Бүкіл ел бойынша 2,1 миллион адам сайлауға қатысқан. Оның қорытындысы бойынша 51 жастағы Веа елдің қазіргі вице-президенті Джозеф Бокайды басып озған. Веа елдің президенті қызметінде 2011 жылы Нобель сыйлығының лауреаты Элен Джонсон-Серлифс орнын басады. Ол елді бұған дейін 12 жыл басқарған.