Қырғызстандағы сайлау 58 ел және 56 ұйымның бақылауында

Қырғызстандағы сайлау 58 ел және 56 ұйымның бақылауында

Қырғызстандағы сайлау 58 ел және 56 ұйымның бақылауында
ашық дереккөзі
Бүгін  Қырғызстан халқы елдің жаңа президентіне таңдау жасауда. Алдағы 6 жылда елді кім басқаратынын бүгінгі сайлау нәтижесі көрсетеді.  Сайлау учаскелері дәстүрлі түрде таңғы сағат 8-де ашылды. Дауыс беруге  3 миллион 25 мың 770 адам қатыса алады.  Әзірге күтілгендей учаскеге келушілердің саны көп емес. Жалпы дауыс беруге 2 мың 375 учаске құрылған. Сайлау әділ өтуі үшін елде биометриялық деректерді анықтау жүйесі қолданылады. Яғни әрбір учаскеде сайлаушының саусақ іздерін анықтауға сканерлер және бейнекамералар орнатылған. Сайлаушылардың дауыс беру нәтижелерін бұрмаламау үшін  электрондық терезелер де енгізілген. Орталық сайлау комиссиясы сайлауды бақылауға 700-ден астам халықаралық сарапшыны аккредиттеуден өткізген. 58 ел және 56 ұйым бұл процессті бақылауға рұқсат алған. Қырғызстандағы президенттік сайлау жайлы ақпарды 35 шетелдік БАҚ өкілі және 67 журналист тарататын болады. Қырғызстан президенті болуға 11 адам үмітті. Оның біреуі – әйел адам. Жеңімпаз сайлаушылардың дауысын жинау арқылы анықталады. Чыныбай Турсунбеков,  ҚР парламентінің спикері: -Бүгін барлық сайлаушыларды құттықтағым келеді. Себебі біз үшін бұл –  мереке. Бүгінгі күн – тарихи күн. Себебі біз президентті ғана емес, алдағы алты жылда біздің еліміздің даму бағытын таңдаймыз. Менің ойымша, билікті конституциялық жолмен беру арқылы біз жақсы үлгі көрсетіп жатырмыз.