БҰҰ: бюджет азайтылып, 175 лауазым қысқарды

БҰҰ: бюджет азайтылып, 175 лауазым қысқарды

БҰҰ: бюджет азайтылып, 175 лауазым қысқарды
ашық дереккөзі
Алдағы реформалар туралы ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді. Бас Ассамблеяның отырысында 2018-2019 жылдарға арналған бюджетке ұсыныстар енгізілді.Бұл туралы 24.kz хабарлады.  Антониу Гутерриш форумның делегаттарына 5,4 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны мақұлдау туралы өтінішін білдірді. Енді ұйымға мүше елдердің жарналарынан тұратын бюджет өткен жылдарға қарағанда 4 пайызға немесе 200 миллион долларға төмен болмақ. Ұйымның штат кестесіне 9 мың 998 лауазымды бекіту ұсынылды. Бұл – қазіргі қызметкерлер санынан аз көрсеткіш. Сол себепті 175 лауазым қысқартылады. Сондай-ақ Антониу Гутерриш ұйымның әлсіз жақтарын атап, ішкі саясатта және әкімшілік нұсқауларда қайталанатын функцияларды қысқарту керектігін атап өтті. Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы: -Мен желтоқсан айында  ант қабылдағанда, БҰҰ-ның реформалары үшін ұдайы және үнемі барлық елдермен жұмыс істеуге уәде бердім. Бірлесе отырып, бюджет процесін қоса алғанда өзгерістер енгізе алатын перспективалық ұсыныстар әзірледік. Сіздерге идеяларыңызбен және реформаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғыс білдіргім келеді.