«Акtobe Invest-2017» форумында құны 200 млрд теңгеден асатын 11 келісімге қол қойылды

«Акtobe Invest-2017» форумында құны 200 млрд теңгеден асатын 11 келісімге қол қойылды

«Акtobe Invest-2017» форумында құны 200 млрд теңгеден асатын 11 келісімге қол қойылды
ашық дереккөзі
«Акtobe Invest-2017» бесінші инвестициялық форумы аясында құны 200 млрд теңгеден асатын серіктестік туралы 11 меморандумға қол қойылды.Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Елбасының өңіраралық кооперация мен қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдіктері өзара тиімді серіктестікті жолға қою және отандық тауарөндірушілерді қолдау жұмыстарын жүргізуде. Сонымен, өңіраралық серіктестік пен өнеркәсіптік кооперация туралы меморандумды Ақтөбе және Қостанай облыстарының басшылары Бердібек Сапарбаев пен Архимед Мұхамбетов қол қойып бекітті. «Күйе өндіретін зауыт құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру серіктестігі туралы меморандумға Ақтөбе облысы мен «Shengyuan Technology Co., Ltd» АҚ қол қойды. Күйе - табиғи газдан дайындалатын жаңа инвестициялық материал болып табылады. Өндірісте «Индустрия 4.0» элементтері пайдаланылмақ. Аталмыш материал полиграфиялық және лак-бояу өндірісінің өнеркәсібінде қолданылады. Инвестиция көлемі шамамен 7 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен «Нитрохим компаниялар тобы» ЖШС арасында техникалық аммиак селитрасы мен карбамид өндірісінің жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды. Техникалық аммиак селитрасы өнеркәсіптік жарылыс заттарын дайындау үшін қолданылады. Аталмыш жобаны жүзеге асыру өңірдің өңдеу өнеркәсібін дамытуды қамтамасыз етіп, мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашады. Шетелдік инвесторлар тарапынан 130 млрд теңгеден астам қаражат салынады деп күтілуде. «Грин Капитал Қазақстан» ЖШС өңірде жаңа жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр. Жоба жыл сайын 6 мың тоннадан аса көкөніс өнімін өндіріп, маусымаралық кезеңде өңірді жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Ақтөбе ет кластері» ЖШС-ы «МитМитМит» ЖШҚ-сымен жылына мың тонна көлемінде сиыр етін Ресей федерациясына жеткізу бойынша келісімге отырды. Кәсіпорын экологиялық жағынан таза ет өнімдерін заманауи технологиялар бойынша өндіреді. Компания мал бағу, бордақылау, етті қайта өңдеуден бастап дайын өнімді нақты тұтынушының тапсырысымен тиеуге дейінгі өңдеу процесстерімен өзі айналысады. Етті Иран, Біріккен араб әмірліктері мен Қытай елдеріне жеткізу мәселесі пысықталып жатыр. Еске салайық, «Акtobe Invest-2017» форумына 500-ден аса адам атсалысты. Олардың қатарында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының, ірі отандық және шетелдік кәсіпорындардың басшылары бар.