Храпуновтар Астанаға жауап алуға шақыртылды

Храпуновтар Астанаға жауап алуға шақыртылды

Храпуновтар Астанаға жауап алуға шақыртылды
ашық дереккөзі
Храпуновтар Астанаға жауап алуға шақыртылды. Храпуновтар Астанаға жауап алуға шақыртылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімдері В.В.Храпунов. Л.К.Храпунова, А.К.Ілиясоваға және тағы басқаларына қатысты қылмыстық іспен айналысып жатыр. Тергеу барысында жемқорлыққа қарсы қызметтегілер жоғарыда аталған азаматтар мен олардың сыбайластарының әрекеттерінің құқыққа қайшы екенін дәлелдейтін мәліметтерді анықтады. Жиналған материалдардың барлығы күдіктілердің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарып, алаяқтық арқылы мемлекеттік мүлік пен бюджет қаражатын иемдену, пара алу деректерін тіркеуге мүмкіндік берді. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 208-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәны, жәбiрленушiні, күдіктiні жауап алуға шақыру қағазы арқылы шақырады. Алайда күдіктілер В.В.Храпунов, Л.К.Храпунова мен А.К.Ілиясованың Қазақстан Республикасы аумағында болмауына байланысты және осы іске қатысудан бас тартуына байланысты Жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК-нің 205-бабының 3-бөлігіне сүйене отырып, олардыжазбаша хабарлама-шақыру қағазы арқылы жауап алуға шақырылады. Хабарлама телефонограмма немесе жеделхат және өзге де байланыс құралдары арқылы да берiлуi мүмкiн. Күдіктілер В.В.Храпунов, Л.К.Храпунова мен А.К.Ілиясова 2017 жылдың 17 қазанында сағат 15.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына келуі тиіс: Қазақстан Республиксы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 үй, Тергеу департаменті жедел-тергеу тобының жетекшісі Перов Сергей Николаевичке. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 68-бабына сәйкес, күдіктінің қорғаушы ретінде адвокатты шақыруға құқығы бар екені айтылады. Көрсетілген уақытта келуге мүмкіндік болмай, қандай да бір себептер болып жатса немесе өтініш түсіргісі келген жағдайда күдікті немесе оның мүддесін қорғайтын адам белгіленген тәртіпте құқық қорғау органдарына бұл жайлы ескертуі тиіс. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 205-бабының 3-бөлігіне сәйкес, күдіктілер Виктор мен Ләйла Храпуновтар, сондай-ақ, А.К.Ілиясова жолданған шақыру қағаздарының республикалық және Швейцарияның БАҚ-тарында жарияланатыны айтылады. Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Ләйла Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі - Ләйлаға ірі көлемді алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.