Нығматулин Володинмен кездесті

Нығматулин Володинмен кездесті

Нығматулин Володинмен кездесті
ашық дереккөзі
Санкт-Петербургтегі 137-ші Парламентаралық Одақ Ассамблеясына барған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин  РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың сипаты, екі ел президенттерінің стратегиялық серіктестігінің айғағы екендігін атап өтті, деп хабарлайды  Мәжілістің баспасөз қызметі. Сонымен қоса Н. Нығматулин мен В.Володин мемлекет басшыларының келісімдерін қазақстандық және ресейлік депутаттардың заңнамалық қолдауының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, екіжақты қатынастар және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды. Еуразия елдері спикерлерінің отырысы, Мәжіліс пен Мемлекеттік Думаның бейінді комитеттері мүшелерінің бірлескен кездесуі және ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық комиссия сияқты маңызды алаңдарға назар аударылды.