2022 жылы 1-сыныпқа баратын оқушылар латын әліпбиімен білім алады

2022 жылы 1-сыныпқа баратын оқушылар латын әліпбиімен білім алады

2022 жылы  1-сыныпқа баратын оқушылар латын әліпбиімен білім алады
ашық дереккөзі
Қазақтың жаңа әліпбиі бір жарым миллионнан астам адамның талқысына түсті. Мемлекеттік тілімізді латын қаріптерімен таңбалауға қатысты 20 мыңдай ұсыныс жасалыпты. Ал Елбасының атына осыған қатысты 300-ге жуық хат келген. Бұл туралы журналистерге әліпбидің жаңа стандартын әзірлеген мамандар хабарлады, деп жазады 24.kz. Жаңа нұсқада ғалымдар қазақ тілінің үндестігін, буын құрамын, сөйлеу мәнерін бұзбауға тырысқан. Мұнда латынның 32 таңбасы кездеседі. Айта кету керек, жаңа әліпбидің екінші нұсқасындағы дыбыстар дәйекшелер арқылы таңбаланды. Жоспар бойынша 2022 жылы бірінші сынып оқушылары латын әліпбиімен оқытылмақ. Ол үшін келер жылдан бастап мамандарды дайындау көзделген. Ербол Тілешов, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры: – Апострофпен берген мейілінше оңай халыққа. Сосын кей елдердің тәжірибесінде бар, диакритика қойып, кейін апострофқа ауысқан. Апостроф немісте де, ағылшында да, славян халықтарында да бар. Қазір біздің әліпбиімізде дәйекше арқылы 9 дыбыс таңбаланды.