Сочи саммиті: Путин мен Назарбаев не туралы сыбырласты? (видео)

Сочи саммиті: Путин мен Назарбаев не туралы сыбырласты? (видео)

Сочи саммиті: Путин мен Назарбаев не туралы сыбырласты? (видео)
ашық дереккөзі

Бүгін Сочиде өтіп жатқан ТМД елдерінің саммиті барысында РФ президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көпшіліктің ортасында бейресми тілдесуіне жиналғандар аңтарылып қарады. 

Саммит отырысы басталмас бұрын Путин әдейілеп орнынан тұрып, Назарбаевтың қасына келеді. Қысқа уақыт ішінде қос ел президенттерінің не туралы әңгімелескені белгісіз. Олардың қастарынан Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевты, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовты байқауға болады. Еске салсақ, осы күндері Сочиде ТМД мемлекет басшыларының Евразиялық экономикалық кеңес аясындағы кездесулері өтіп жатыр. Экономикалық одақ құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан елдері кіреді.