Жаңалықтар

Қазақстан африкалық жастарды оқытпақ

ашық дереккөзі

Қазақстан африкалық жастарды оқытпақ

Жаздан бастап еліміздің жоғарғы оқу орындары Қазақстанға білім алу үшін келетін африкалық жастарды қабылдай бастайды. Оларға отандық білім жүйесіндегі жетекші салалар – энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина мамандықтары бойынша білім берілмек. Бұл туралы бүгін VIII Астана экономикалық форумы барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов хабарлады. «Қазақстан Африка елдері үшін адами капиталға инвестиция салады. Сондықтан біз бірқатар бағдарламалар әзірлей бастадық. Әрине, Африкада болған үлкен «апаттардың» бірі – Эбола дерті болды. Біз сол кезде БҰҰ-ның Эбола жөніндегі қорын қолдадық. Африка одағы Эболаға қатысты өз қорын құрған кезде Қазақстан қаржылай көмек көрсеткен болатын. Енді бірқатар басқа бағдарламаларды жүзеге асырсақ па дейміз. Білім – ең негізгі аспектілердің бірі. Сондықтан қазір біз БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бірге Африканың жастары үшін оқыту бағдарламаларын әзірлеп жатырмыз. Африкадан алғашқы жастары легі 2015 жылдың жазында Қазақстанға оқуға келе бастайды. Олар бұрын тәжірибеміз бар энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина салаларында білім алатын болады. Біз алғашқы студенттерді қуана қарсы аламыз»,– дейді. ҚР Сыртқы істер министрі.