Солтүстік Корея АҚШ-қа "отты бұршақпен" сес көрсетіп жатыр

Солтүстік Корея АҚШ-қа "отты бұршақпен" сес көрсетіп жатыр

Солтүстік Корея АҚШ-қа "отты бұршақпен" сес көрсетіп жатыр
ашық дереккөзі
Солтүстік Корея АҚШ президенті Дональд Трамптың КХДР-ды жоюға дайынбыз деген сөзіне "отты бұршақпен" жауап береміз деп сес көрсетіп жатыр. Корей халықтық демократиялық республиканың (КХДР) сыртқы істер министрі Ли Ён Хо жаппай жою қаруы өз елі үшін сыртқы агрессиядан сақтанудың құралы, сол себептен ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөзге ешқашан келіспейтінін мәлімдеді. Сәрсенбіге қараған түні Корей түбегі үстінен екі америкалық стратегиялық бомбалаушы ұшып өтті. Бұл жөнінде Оңтүстік Корея хабарлады. Америка әскері болса, жапон және оңтүстіккореялық әскери ұшақтармен бірлесіп, түнгі жаттығу өткіздік деп мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауына қарағанда, осы уақытта АҚШ президенті Дональд Трамп күш құрылымдары басшыларымен Солтүстік Кореяның агрессиясына әрекет ету мәселесін талқылап жатқан. Вашингтон мен Пхеньян арасындағы шиеленіс Солтүстік Кореяның ядролық сынақты үдете түсуінен кейін күшейе түсті.