Жаңалықтар

«Арселор Миттал Теміртау» күйіп қалған металлургтердің жағдайы туралы мәлім етті

ашық дереккөзі

«Арселор Миттал Теміртау» күйіп қалған металлургтердің жағдайы туралы мәлім етті

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2017 жылдың 12 қазанында жарақат алған қызметкерлердің жағдайы туралы хабарлады. №1 газ құбырында жұмыс істеп жатқан кезде жарақат алған қызметкерлердің жағдайын  дәрігерлер тұрақты, орташа деңгейде ауыр деп бағалады. Газ құтқарушы  1969 жылғы С. Толстов, газ желілері учаскесінің газшысы 1967 жылғы С. Клюско, қыздыру және ыстық учаске жұмыстарын реттеу шебері 1968 жылғы В. Редькинді термиялық күйік шалды. Қызметкерлер Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының күйік бөлімінде жатыр. Газ желілері учаскесінің шебері 1979 жылғы Е. Маханов, газ цехінің электр дәнекерлеушісі 1979 жылғы К. Лукашев, №1 газ көтеру станциясы учаскесінің темір ұстасы 1976 жылғы В. Семейченко Теміртау қаласы орталық қалалық ауруханасы интенсивті терапия бөлімі дәрігерлерінің тұрақты бақылауында. Зардап шегушілердің жағдайы ауыр. Барлық зардап шегушілерге қажетті медициналық көмектер көрсетіліп жатыр. Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатының кокс цехында кокс батареясы жарылып, күйік шалған алты металлург ауруханаға жеткізілген еді.