Қазақстан тәжірибесі шет елдерге үлгі

Қазақстан тәжірибесі шет елдерге үлгі

Қазақстан тәжірибесі шет елдерге үлгі
ашық дереккөзі
Қазақстан ғалымдарының радиациямен ластанған жерлерді тазалау тәжірибесіне жапондықтар қызығуда. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Азиядағы ядролық кооперациялар форумының министрлер деңгейіндегі 18-кеңесі аясында сұхбат берген ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ерлан Батырбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біздің қатты ластанған жерлермен жұмыс тәжірибеміз бүкіл әлемде талап етіліп отыр. Бізге Алжирден әріптестеріміз келді. Оларда француздардың полигоны бар және жердің ластануы проблемасымен бетпе-бет келіп отыр. Олар бізді өздеріне шақырып, тәжірибемізбен бөлісуімізді өтінуде. Екі аптадан кейін Жапонияның Атом энергиясы агенттігіндегі әріптестерімізбен арнайы семинар өткіземіз. Семинар Семей полигонында жинақтаған технологияларымызды, тәжірибемізді үйретуге арналады. Бұдан кейін олар оны өздерінің экоологиялық проблемаларын шешу үшін қолданбақ», - деді Ерлан Батырбеков.