Семей полигонының 85 пайызы ауыл шаруашылығына пайдаланылады

Семей полигонының 85 пайызы ауыл шаруашылығына пайдаланылады

Семей полигонының 85 пайызы ауыл шаруашылығына пайдаланылады
ашық дереккөзі
Семей полигоны жерінің 85 пайызы ауыл шаруашылығы айналымына енгізіледі. Бұл туралы елордада өткен Азиядағы ядролық кооперациялар форумының министрлер деңгейіндегі 18-кеңесі аясында сұхбат берген ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ерлан Батырбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық апаттарды жоюда, сонымен қатар радиациямен ластанған жерлерді қалпына келтіруде үлкен тәжірибесі бар. Бұл тәжірибе Семей полигонынан алынып отыр. Бүгінде ол жердің шамамен 50 пайызын зерттедік, оларды қалпына келтіру бағдарламасы әзірленді. 2023 жылы Семей полигоны проблемасын толықтай шешуді жоспарлап отырмыз. Яғни, Семей полигонының барлық жерінің 85 пайыздан астамын ауыл шаруашылығы айналымына енгіземіз. Дегенмен, 10-15 пайыз жер қор болып қалады», - деді орталық бас директоры. Оның айтуынша, Қазақстан сол қалған жерлердің өзін тиімді пайдаланатын болады. «Біз ол жерлерді пайдалануды үйрендік. Атап айтқанда, «Қазмырыш» үшін «Балапан» алаңында өндірістік қалдықтарға арналған полигон құрдық. «Балапан» алаңы жерасты ядролық жарылыстары үшін пайдаланылған еді. Яғни, бұл жерлерді пайдалану мүлдем көзделмеген-ді. Дегенмен, бүгінгі күні бұл жер мемлекетке нақты пайда әкелуде», - деді Ерлан Батырбеков.